Талас: Қызыләуіт ауылында “дәстүрлі діни құндылықтар" насихатталды

Талас: Қызыләуіт ауылында “дәстүрлі діни құндылықтар" насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Рухани тәрбие мен ұлттық болмысты сабақтастырған мазмұнды кездесу Қызыләуіт ауылдық мәдениет үйінде өтті. Басқосуға ауыл тұрғындары қатысып, Жаңабай сопы мешітінің имамы Төсбаев Әбдіқали дәстүрлі діни құндылықтардың мән-маңызы жөнінде ой бөлісті.

Кездесу барысында Әбдіқали имам халқымыздың дүниетанымында қалыптасқан имандылық, ізгілік, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық секілді қасиеттердің дініміздің асыл ұстанымдарымен үндесетінін атап өтті. Сондай-ақ ұрпақ тәрбиесінде рухани мұраның орны ерекше екеніне тоқталып, ұлттық сана мен діни танымды қатар қалыптастырудың маңызын жеткізді.

Тәлімдік жиында дәстүрлі діни түсінікті сақтау, дін мен ұлттық құндылықтардың сабақтастығын дұрыс ұғыну, жастарға өнегелі тәрбие беру мәселелері кеңінен қозғалды. Сонымен бірге діни сауаттылықтың қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сыйластықты нығайтудағы рөлін түсіндірді. Кездесуіміз қатысушыларға рухани ой салып, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды шара ретінде өтті.

"Жаңабай сопы" мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)