Талас: "Маржангүл ана" мешітінде балалар арасында "асық ойыны" ұйымдастырылды

Талас: "Маржангүл ана" мешітінде балалар арасында "асық ойыны" ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Маржангүл ана мешітінде балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған шара өтті.

Мешіт имамы Үкібаев Ғазиз балалар арасында асық ойынын ұйымдастырды. Қазақ халқының дәстүрлі ойындарының бірі саналатын асық ойыны баланың шапшаңдығын, мергендігін, ептілігін арттыруға және ұйымшылдыққа тәрбиелеуге ықпал етеді. Шара барысында бүлдіршіндер асық атып, өзара жарысып, қызықты уақыт өткізді.

Ұлттық ойын арқылы балаларға ата-бабадан қалған мұраны құрметтеу, салт-дәстүрді бағалау және ұлттық болмысты сақтау жөнінде тәлім берілді. Шара соңында барлық балаларға балмұздақ таратылып, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйланды.

"Маржангүл ана" мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: