Талас: «МАРЖАНГҮЛ АНА» МЕШІТІНДЕ РУХАНИ-ТӘРБИЕЛІК НАCИХАТТАР СЕРИЯСЫ ӨТТІ

Талас: «МАРЖАНГҮЛ АНА» МЕШІТІНДЕ РУХАНИ-ТӘРБИЕЛІК НАCИХАТТАР СЕРИЯСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Маржангүл ана» мешітінде жамағатқа арналған тағылымды кездесулер өтіп, мешіт имамы Ғазиз Үкібаев елдің руханиятын арттыруға бағытталған бірқатар өзекті тақырыптар бойынша тағылымды насихат айтты.

Кездесулер барысында имам ең алдымен халқымыздың рухани-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі саналатын «Тұсаукесер» дәстүріне кеңінен тоқталды. Ол бұл рәсімнің тек салттық көрініс қана емес, балаға ақ тілек арнап, болашағына игі ниет білдіретін, Исламның адамгершілік пен ізгілік қағидаларымен үндесетін терең тәрбиелік маңызын атап өтті. Сонымен бірге, ата-ананың перзент тәрбиесіндегі жауапкершілігі сөз болып, ұлттық дәстүрлерді шынайы мәнінде, ысырап пен даңғазалықсыз өткізудің қажеттілігі ескертілді.

Сондай-ақ, жиында дін мен дәстүр құндылықтарын дәріптеу мәселесі де кеңінен талқыланды. Имам ата-ананы құрметтеу, ағайын арасындағы сыйластық, үлкенге ізет пен кішіге қамқорлық сияқты ізгі қасиеттердің адам болмысын қалыптастырудағы орнын түсіндірді. Шариғатқа қайшы келмейтін ұлттық дәстүрлерімізді құрметтеп, ұлттық болмыс пен отбасы тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу керектігі баса айтылды.

Насихат аясында білім алудың маңызы мен артықшылығы да назардан тыс қалмады. Ғазиз Үкібаев діни біліммен қатар пайдалы дүниеви ілімдерді де меңгеру мұсылман өміріндегі басты құндылықтардың бірі екенін жеткізді. Жастарға уақытты тиімді пайдалану, ұстаздан тәлім алу, алған білімін ел игілігіне жұмсау жөнінде кеңестер беріліп, білімді ұрпақ — елдің рухани әрі әлеуметтік дамуының берік негізі екендігі атап өтілді.

Басқосу соңында жамағат өзара пікір алмасып, ұсынылған өзекті тақырыптар төңірегінде көкейде жүрген сауалдарына тұщымды жауаптар алды.

«Маржангүл ана» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: