Талас: Діни білімді көтеруіміз – діни жат ағымдарға қарсы иммунитетіміз

Талас: Діни білімді көтеруіміз – діни жат ағымдарға қарсы иммунитетіміз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұңғатар ата мешітінде жамағатқа арналған тағылымды уағыз ұйымдастырылды. Уағызды мешіт имамы Абатов Дәурен жүргізіп, «Діни білімді көтеруіміз – діни жат ағымдарға қарсы иммунитетіміз» тақырыбында насихат айтты.

Уағыз барысында Дәурен имам діни сауаттылықты арттыру – қоғамның рухани қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі екенін атап өтті. Ол Ислам дінін сенімді дереккөздерден, білікті ұстаздар мен мешіт имамдарынан үйренудің маңыздылығына тоқталып, күмәнді ақпарат пен жалған діни уағыздарға сын көзбен қарауға шақырды. Сондай-ақ жастардың дәстүрлі діни танымды ұстанып, ата-баба мұрасын, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуі діни жат ағымдардың теріс ықпалынан сақтанудың тиімді жолы екені айтылды.

Дәурен имам қоғамдағы ауызбіршілік пен татулықты сақтау әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін жеткізді. Уағыз соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, діни білімді үздіксіз жетілдірудің және ресми діни мекемелермен тығыз байланыста болудың маңыздылығы түсіндірілді.

"Тұңғатар ата" мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: