Талас: «Сүндет той жасаудың дін мен дәстүрдегі көрінісі» тақырыбында уағыз өтті

Талас: «Сүндет той жасаудың дін мен дәстүрдегі көрінісі» тақырыбында уағыз өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұңғатар ата мешітінде жамағатқа арналған тағылымды уағыз ұйымдастырылды. Уағызды мешіт имамы Абатов Дәурен жүргізіп, сүндет той жасаудың дін мен дәстүрдегі көрінісі тақырыбында кеңінен насихат айтты.

Уағыз барысында Дәурен имам сүндетке отырғызу – Ислам дінінде құпталған амалдардың бірі екенін атап өтіп, оның мұсылман баласының тәрбиесі мен тазалығына қатысты маңызын түсіндірді. Сонымен қатар қазақ халқының дәстүрінде сүндет тойдың ұрпақ тәрбиесіне, ағайынның ынтымағы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қызмет ететін игі дәстүр екеніне тоқталды.

Дәурен имам сүндет тойды өткізуде ысырапшылдыққа жол бермей, шариғат талаптары мен ұлттық салт-дәстүрді үйлестіре отырып ұйымдастырудың маңыздылығын жеткізді. Сондай-ақ ата-аналарды бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, жас ұрпақты имандылыққа, ізгілікке және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулуға шақырды.

"Тұңғатар ата" мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: