Жамбыл облысында әйел-қыздарға арналған рухани семинар өтті

Жамбыл облысында әйел-қыздарға арналған рухани семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысында әйел-қыздарға арналған тағылымды рухани семинар ұйымдастырылып, қатысушыларға имани тәрбие мен рухани кемелденуге бағытталған өзекті тақырыптар кеңінен насихатталды.

Семинардың алғашқы спикері – Жамбыл облысы Әйел-қыздар секторының жетекшісі, Һибатулла Тарази мешітінің ұстазы Иманалиева Жазира Полатқызы «Дұғам неге қабыл болмайды? Жүректі қарайтатын күнәлар» тақырыбында әсерлі уағыз айтып, дұғаның қабыл болуына кедергі болатын амалдар мен жүрек тазалығының маңызын Құран аяттары мен хадистер негізінде түсіндірді.

Келесі кезекте Тараз қаласының психологі Балжан Қуанышқызы «Әйелдің рухани шаршауы және оны жеңудің жолдары» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі қоғамдағы әйелдің рухани және психологиялық әл-ауқатын сақтаудың тиімді жолдары туралы пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Семинардың қорытынды бөлімінде Жамбыл облысындағы «Бәйдібек» және «Айша бибі» мешіттерінің ұстазы Бекназарова Жайна Сапарбекқызы «Сынақтар мен қиындықтарға мұсылманның көзқарасы» тақырыбында насихат айтып, әрбір сынақтың астарында Алланың даналығы жатқанын, сабыр мен тәуекелдің мұсылман өміріндегі ерекше орнын жан-жақты баяндады.

Тағылымды кездесуде қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, рухани азық жинап қайтты. Семинар соңында барша жиналған қауым ұйымдастырушылар мен спикерлерге алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің жиі өткізілуіне тілектестік танытты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: