ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫ ҚҰРАН БІЛІМІ БОЙЫНША СЕМИНАРДАН ӨТУДЕ

ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫ ҚҰРАН БІЛІМІ БОЙЫНША СЕМИНАРДАН ӨТУДЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысында Құран Кәрімді дұрыс әрі көркем оқу бойынша өңір имамдарының біліктілігін арттыруға арналған арнайы оқу курстары өтіп жатыр. Дін қызметкерлерінің білімін шыңдап, кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған осы білім беру жобасының алғашқы кезеңі сәтті аяқталып, Тараз қаласы бойынша 61 имам арнайы емтихан тапсырып, сертификаттарын иеленді.

Біліктілікті бағалау шарасына арнайы құрылған комиссия құрамы жетекшілік етті. Комиссия сарапшыларының қатарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанов, «Һибатулла Тарази» қайырымдылық мекемесінің директоры, қари Бірлік Амангелді және облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат болды.

Комиссия мүшелері имамдардың тәжуид ережелерін сақтауын, Құранды жатқа оқу шеберлігін таразылап, олардың қызметіне оң баға берді.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: