"Әбдібай ата" мешітінде жамағатқа арналған рухани кездесу ұйымдастырылып, мешіт имамы Омаров Абай діни ағымдардан қалай сақтанамыз тақырыбында уағыз айтты. Жиынның негізгі мақсаты – қоғамда діни сауаттылықты арттыру, жұртшылықты күмәнді діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру және бірлік пен ынтымақты нығайту болды.
Уағыз барысында Абай имам дәстүрлі Исламның құндылықтарын түсіндіріп, дінді сенімді әрі білікті ғалымдардан үйренудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ діни ақпаратты бейресми және күмәнді дереккөздерден алмауға, әлеуметтік желілердегі жалған діни насихатқа сын көзбен қарауға шақырды. Абай имам жастарды елдің рухани тұтастығын сақтауға, ата-баба жолын, ұлттық салт-дәстүр мен дәстүрлі діни құндылықтарды құрметтеуге үндеді.
Сонымен қатар жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымдарына сүйеніп, діни мәселелер туындаған жағдайда мешіт имамдарынан кеңес алуға шақырды. Кездесу соңында жамағат көкейдегі сұрақтарын қойып, имам тарапынан жан-жақты жауаптар берілді.
"Әбдібай ата" мешітінің баспасөз қызметі.


22 Шілде 2026
6 Сафар 1448

