Қордай: Дін мен дәстүр— «Ұлттық құндылық» тақырыбында насихат айтылды

Қордай: Дін мен дәстүр— «Ұлттық құндылық» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, «Ал Хафиз» мешітінде ауыл имамы Тәукеев Талғаттың ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» жобасы аясында балабақша қызметкерлеріне арналған тағылымды кездесу өтті. Іс-шара барысында имам жиналған қауымға «Ұлттық құндылық» тақырыбында насихат айтып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен ислам дінінің өзара сабақтастығына тоқталды.

Сондай-ақ ұлттық тәрбиенің, әдептілік пен ізгіліктің қоғамдағы, отбасы мен бала тәрбиесіндегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Кездесу соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алып, жиын ақ батамен және елдің амандығы, бірлігі мен берекесі үшін жасалған дұғамен қорытындыланды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: