АРМАН ҚУАНЫШБАЕВ ТАРАЗДЫҢ БАЙ ТАРИХЫМЕН ТАНИСТЫ

АРМАН ҚУАНЫШБАЕВ ТАРАЗДЫҢ БАЙ ТАРИХЫМЕН ТАНИСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аулиеата өңіріне арнайы сапармен келген Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, белгілі дінтанушы ұстаз Арман Қуанышбаев және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша Бас имамы Асқар Зәкіржанов «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешені мен мұражайына арнайы атбасын бұрды.

Мәртебелі меймандар екі мың жылдан астам тарихы бар көне шаһардың археологиялық жәдігерлерін аралап көрді. Мұражай қызметкерлері меймандарға Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ежелгі Тараз қалашығынан табылған құнды артефактілер, ортағасырлық жәдігерлер мен өңірдің бай тарихы жайында терең мағлұмат берді.

Тарих пен руханият тоғысқан тағылымды экскурсия барысында білікті ұстаз Арман Қуанышбаев ата-бабамыздан қалған асыл мұрамызды көздің қарашығындай сақтап, оны келешек ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Өткен тарихтан сыр шертер рухани сапар қонақтарға ерекше әсер сыйлады.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: