Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, белгілі дінтанушы ұстаз Арман Қуанышбаев Тараз қаласындағы «Әлі Ата» мешітіне арнайы атбасын бұрып, жергілікті жамағатқа жұма уағызын айтты. Жұма намазына жиналған қалың бұқара білікті ұстаздың рухани да тағылымды насихатын ұйып тыңдады.
Өнегелі сөз сөйлеген ұстаз өз уағызында адамгершілік асыл қасиеттер, имандылық пен бірлік, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы діни сауаттылықтың маңызы туралы тереңнен толғап, жамағатты рухани парасаттылыққа шақырды. Қасиетті күнде айтылған ғибратты уағыз жиналған қауымның көкейіне сәуле құйып, ерекше әсер қалдырды.



23 Шілде 2026
7 Сафар 1448

