«Жиенбет Жексенбай» мешітінде имам Шүкірәлі Бердібековтың ұйытқы болуымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Отбасындағы адалдық пен жауапкершілік» тақырыбында ақсақалдар мен азаматтарға арналған семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында отбасы құндылықтарын нығайту, ерлі-зайыптылардың өзара жауапкершілігі, жастар тәрбиесі, қоғамдағы рухани құндылықтар және отбасындағы әйелдің маңызды рөлі туралы насихат айтылды. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылардың пікірлері тыңдалды.
Шара соңында жиналған қауымға ақ дастархан жайылып, елдің амандығы үшін дұға жасалып, ақсақалдар ақ батасын берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



13 Қыркүйек 2026
30 Раби-авваль 1448

