Мешітте өткен кезекті пәтуа сағатында Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы жамағатпен жүздесіп, «Неке – мұсылман өміріндегі қасиетті келісім» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Кездесу барысында некенің Исламдағы орны мен маңызы, отбасын құрудағы жауапкершілік, ерлі-зайыптылардың өзара құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ шаңырақтың берекесін сақтаудың шариғи негіздері кеңінен түсіндірілді.
Бас имам жамағатты неке мәселесінде шариғат талаптарын басшылыққа алып, отбасы құндылықтарын дәріптеуге, ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуге шақырды. Сонымен қатар, қатысушылардың неке және отбасы мәселелеріне қатысты сауалдарына Құран мен сүннетке негізделген тұщымды жауаптар берілді.



15 Шілде 2026
29 Мухаррам 1448

