БАЙЗАҚ: АДАЛ ҚЫЗМЕТШІ БОЛУ – ҚҰДАЙДЫҢ РАЗЫЛЫҒЫНА ЖЕТЕЛЕЙДІ

БАЙЗАҚ: АДАЛ ҚЫЗМЕТШІ БОЛУ – ҚҰДАЙДЫҢ РАЗЫЛЫҒЫНА ЖЕТЕЛЕЙДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үлгілі ауылындағы «Әбдімажит» мешітінде «Адал қызметші болу – Құдайдың разылығына жетелейді» тақырыбында имамдарға арналған семинар ұйымдастырылды.

Семинарға ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы қатысып, дін қызметкерінің қоғам алдындағы жауапкершілігі, қызметтегі адалдық, аманатқа беріктік және халыққа шынайы қызмет етудің маңызы жөнінде тағылымды насихат айтты. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның діни қызметкерлерге жүктеген міндеттері мен имам әдебін сақтау, қызметті ықыласпен атқару және жамағатпен дұрыс қарым-қатынас орнату мәселелеріне кеңінен тоқталды.

 Семинар барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, қызмет барысында кездесетін өзекті мәселелерді талқылады. Жиын соңында аудан бас имамы имамдарды адал еңбек етіп, Алланың разылығын көздей отырып халыққа қызмет етуге шақырды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: