Үлгілі ауылындағы «Әбдімажит» мешітінде ауыл имамдарына арналған кезекті пәтуа семинары өтті. Семинарға ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы қатысып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен пәтуалардың маңызына тоқталып, діни мәселелерде бірізділікті сақтау, жамағатқа шариғатқа сай әрі дәлелді жауап беру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, имамдардың пәтуа саласындағы білімін үнемі жетілдіріп отыруы, ҚМДБ-ның ресми ұстанымдарын басшылыққа алуы және қоғамдағы өзекті діни сауалдарға жауапкершілікпен қарауы жөнінде тағылымды насихат айтты. Жиын барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. Семинар соңында ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы имамдарға алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп, ел бірлігі мен діни тұрақтылықты нығайту жолында аянбай еңбек етуге шақырды.



15 Шілде 2026
29 Мухаррам 1448

