БАЙЗАҚ: МЕШІТ ЖАСТАРЫНА ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

БАЙЗАҚ: МЕШІТ ЖАСТАРЫНА ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешітте жамағатқа арналған кезекті пәтуа сағаты ұйымдастырылды. Дәрісті жастар бөлімінің жетекшісі Айдос Қасқырұлы жүргізіп, «Ғайбат айтудың үкімі» тақырыбында насихат айтты.

Кездесу барысында ислам дінінде ғайбаттың ауыр күнә екені, оның адам мен қоғамға тигізетін зияны кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, мұсылманның өз тілін жаман сөзден, өсек-аяң мен ғайбаттан сақтауының маңыздылығы Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистері негізінде баяндалды.

Пәтуа сағатының соңында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Осындай тағылымды кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: