Ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы ауыл имамдарына арналған «Дәстүр құндылықтарын насихаттаудағы имамның рөлі» тақырыбында семинар өткізді. Жиын барысында ұлттық дәстүр мен Ислам дінінің сабақтастығы, халқымыздың салт-дәстүрлерін шариғат аясында дұрыс түсіндіру, жастарға рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтудағы имамдардың жауапкершілігі кеңінен сөз болды.
Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен бағыттарды басшылыққа ала отырып, дәстүрлі Ислам құндылықтарын насихаттау, діни сауаттылықты арттыру және жат ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізудің маңыздылығы айтылды. Семинар соңында ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, ел игілігі жолындағы қызметтеріне береке тіледі.



15 Шілде 2026
29 Мухаррам 1448

