Үлгілі ауылындағы «Әбдімажит» мешітінде «Уақып қызметі жандануға тиіс» тақырыбында ауыл имамдарына арналған семинар ұйымдастырылды. Жиынға ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы қатысып, уақыптың Исламдағы орны мен қоғамдағы маңызы туралы кеңінен баяндады.
Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жүзеге асырып отырған уақып саласындағы жұмыстардың мәніне тоқталып, ауыл имамдарын қайырымдылық мәдениетін дамытуға, уақып қызметін жүйелі түрде насихаттап, ел игілігіне бағытталған ізгі бастамаларды қолдауға шақырды. Семинар барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, уақып қызметін жетілдіру жолдары мен алдағы жоспарларды талқылады. Жиын соңында аудан бас имамы Қанат Әділханұлы имамдардың сауалдарына жауап беріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.



13 Қыркүйек 2026
30 Раби-авваль 1448

