Қордай: «Усман бин Аффан» мешітінде жамағатқа насихат айтылды

Қордай: «Усман бин Аффан» мешітінде жамағатқа насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Ауқатты ауылындағы «Усман бин Аффан» мешітінде шығыс аймаққа жауапты ұстаз Атанбаев Нұрсұлтан жамағатқа тағылымды насихат айтты.

Насихат барысында мұсылманның көркем мінезі, Аллаға деген ықыласты құлшылық, бірлік пен бауырмалдықтың маңызы кеңінен сөз болды. Сондай-ақ жамағатты бес уақыт намазды тұрақты орындауға, Құран оқып, діни білімді арттыруға және ізгі амалдарды көбейтуге үндеді.

Ұстаз өз сөзінде Ислам дінінің бейбітшілік пен мейірімділікке негізделгенін айтып, қоғамдағы татулықты сақтау, ата-анаға құрмет көрсету, жастарға дұрыс тәрбие беру және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталды. Насихат соңында жамағаттың сұрақтарына жауап беріліп, елдің амандығы, жұрттың тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: