Қордай: Сортөбе имамдарына Құраннан семинар жалғасуда

Қордай: Сортөбе имамдарына Құраннан семинар жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы «Имамдар үйінде» имамдарға арналған Құран тәжуиді бойынша кезекті семинар өтті. Дәрісті шығыс аймаққа жауапты ұстаз Атанбаев Нұрсұлтан жүргізді.

Семинар барысында Құран Кәрімді тәжуид қағидаларына сай дұрыс оқу, әріптердің махраждарын дәл айту және оқу барысында жиі кездесетін қателіктерді түзету мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушылармен практикалық сабақ өткізіліп, Құран оқу машықтарын жетілдіруге бағытталған тапсырмалар орындалды. Ұстаз Атанбаев Нұрсұлтан Құранды дұрыс әрі көркем оқу – дін қызметкерінің негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтіп, білімді үздіксіз жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.

Имамдар өзара тәжірибе алмасып, тәжуидке қатысты сұрақтарына жауап алды. Мұндай семинарлар имамдардың діни білімін тереңдетіп, Құранды сауатты оқуды жетілдіруге және жамағатқа сапалы діни қызмет көрсетуге ықпал етеді. Алла Тағала баршамызға пайдалы білім, қабыл болатын дұға және Құранмен амал ететін салихалы ұрпақ нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: