Қордай: «Рахман» мешітінде «Батырлар жыры» тақырыбында насихат айтылды

Қордай: «Рахман» мешітінде «Батырлар жыры» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қордай ауылының «Рахман» мешітінде «Батырлар жыры» тақырыбында тағылымды насихат өтті. Насихатты аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Жанұзақ Әнебеков жүргізді. Насихат барысында қазақ халқының батырлық жырларында көрініс тапқан елге адал қызмет ету, ерлік, отансүйгіштік, әділдік, ар-намысты қорғау және имандылық секілді асыл құндылықтар кеңінен сөз болды.

Наиб имам батырлар жырының тек тарихи мұра ғана емес, жас ұрпақтың бойына рухани тәрбие мен ұлттық құндылықтарды сіңіретін маңызды тағылым мектебі екенін атап өтті. Сондай-ақ батырлардың өмір жолындағы сабыр, жауапкершілік, ата-анаға құрмет, ел бірлігі мен ынтымағын сақтау секілді қасиеттердің Ислам дінінің қағидаларымен үндесетіні айтылды.

Жамағатқа ұлттық мұраны қадірлеп, ата-баба аманатына адал болуға және қоғамда бірлік пен ізгілікті нығайтуға шақырған насихат айтылды. Насихат соңында жамағатқа елдің амандығы, жұрттың тыныштығы мен берекесі үшін дұға жасалып, рухани құндылықтарды өмірде берік ұстануға үндеді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: