Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясында «Батырлар жыры» тақырыбында кезекті насихат айтылды. Тағылымды кездесуді аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Жанұзақ Әнебеков жүргізді.
Насихат барысында қазақтың батырлар жырларында дәріптелетін ерлік, отансүйгіштік, әділдік, адалдық, сабыр және елге қызмет ету сынды қасиеттердің Ислам дінінің құндылықтарымен сабақтас екендігі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар ата-бабадан қалған рухани мұраны сақтау мен оны кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы айтылды. Наиб имам батырлар жырының жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуде, елін, жерін сүюге баулуда және көркем мінезді қалыптастыруда ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Сондай-ақ жамағатты ата-баба аманатына адал болып, ұлттық салт-дәстүр мен діни құндылықтарды қатар ұстануға шақырды. Насихат соңында жамағатқа елдің тыныштығы, халқымыздың бірлігі мен берекесі үшін дұға жасалып, рухани тәрбиеге мән берудің маңыздылығы тағы бір мәрте еске салынды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


15 Шілде 2026
29 Мухаррам 1448

