Қордай: «Қазақ жырауларының өнегелі өрнектері» тақырыбында насихат айтылды

Қордай: «Қазақ жырауларының өнегелі өрнектері» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қордай ауылының «Қордай ауылдық» мешітінде аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Жанұзақ Әнебеков жамағатқа «Дін мен дәстүр: Қазақ жырауларының өнегелі өрнектері» тақырыбында насихат айтты.

Насихат барысында қазақ жырауларының шығармаларындағы имандылық, адамгершілік, отансүйгіштік, бірлік пен елге қызмет ету секілді асыл құндылықтар кеңінен сөз болды. Наиб имам халқымыздың рухани мұрасында ислам құндылықтарымен үндесетін тағылымды ойлар мен өнегелі өсиеттердің мол екенін айтып, жыраулар мұрасын насихаттаудың жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын атап өтті. Сондай-ақ, ата-баба аманатына адал болып, ұлттық салт-дәстүр мен діни құндылықтарды қатар ұстанудың қоғамдағы татулық пен рухани тұтастықты нығайтудағы рөлі түсіндірілді.

Жамағатқа көркем мінезді қалыптастырып, ұлттық мұраны қастерлеуге және ізгі амалдарды көбейтуге шақырған тағылымды кеңестер айтылды. Насихат соңында елдің амандығы, жұрттың тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)