Қордай: «Арал» мешітінде «Әдептілік» тақырыбында насихат айтылды

Қордай: «Арал» мешітінде «Әдептілік» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Арал ауылының «Арал» мешітінде мешіт имамы Аманкелді Нұрбердиев жамағатқа «Әдептілік» тақырыбында тағылымды насихат айтты.

Насихат барысында Ислам дінінде көркем мінез бен әдептіліктің орны ерекше екені кеңінен түсіндірілді. Имам адам баласының иманы мен тәрбиесі оның іс-әрекеті мен қарым-қатынасынан көрінетінін айтып, мұсылманның әрдайым сыпайылықты, кішіпейілділікті, сабырлылықты және кешірімділікті ұстануы қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, ата-анаға құрмет көрсету, үлкенді сыйлау, кішіге ізет білдіру, көршімен тату болу және қоғамда ізгі қарым-қатынас орнату – Исламның асыл құндылықтарының бірі екені айтылды.

Әдептілік – мұсылманның көркі әрі қоғамдағы татулық пен бірліктің негізі екені Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистері арқылы түсіндірілді. Уағыз соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, елдің тыныштығы, халықтың амандығы және жұртшылықтың ауызбіршілігі үшін дұға жасалды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)