Қордай: Дін мен дәстүр – «Отбасы мектебінің қалыптасуы» тақырыбында насихат айтылды

Қордай: Дін мен дәстүр – «Отбасы мектебінің қалыптасуы» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде мешіттің наиб имамы Жанұзақ Әнебеков жамағатқа «Дін мен дәстүр: Отбасы мектебінің қалыптасуы» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Уағыз барысында отбасының қоғамдағы орны, ата-ана тәрбиесінің маңызы және ұлттық салт-дәстүр мен ислам құндылықтарының өзара сабақтастығы кеңінен сөз болды.

Наиб имам отбасының берекесі өзара сыйластық, мейірім, жауапкершілік және көркем мінезге негізделетінін айтып, бала тәрбиесінде ата-ананың өнегелі болуының маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, қазақ халқының дәстүрлері Ислам дінінің асыл қағидаларымен үндесетінін айтып, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жас ұрпақты имандылыққа, ізгілікке және үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу – әрбір мұсылманның міндеті екенін жеткізді.

Уағыз соңында жамағатқа отбасы татулығын нығайтып, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақырып, елімізге амандық пен бірлік тіледі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, отбасыларымыз берік болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: