Қордай ауданы, Ауқатты ауылының «Нұр Ислам» мешітінде Шығыс аймағындағы имамдарға арналған «Уақыптың мақсаты» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинарды осы аймаққа жауапты ұстаз Атанбаев Нұрсұлтан жүргізіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Уақып қорының негізгі мақсат-міндеттері мен қоғамдағы маңызына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ уақып мәдениетін дамыту, қайырымдылық жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру және халықтың діни-рухани қажеттіліктеріне қолдау көрсету бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында имамдар өзара пікір алмасып, тақырыпқа қатысты сұрақтарын қойып, тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында дін қызметкерлері алдағы уақытта уақып жұмыстарының тиімділігін арттыру бағытында бірлесіп еңбек ету қажеттігі айтылды. Ниеттіміз тура, амалымыз қабыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


15 Шілде 2026
29 Мухаррам 1448

