Қордай ауданы, Қарасу ауылындағы «Ал Хади» мешітінде кезекті тазалық жұмыстары жүргізілді. Игі істі мешіт имамы Русланбек Сағынұлы өзі атқарып, Алла үйінің ішкі және сыртқы аумағын ретке келтірді.
Тазалық барысында мешіттің намаз залы, дәліздері мен ауласы мұқият тазартылып, айналадағы қоқыстар жиналды. Сондай-ақ мешіт аумағының көркін келтіру мақсатында қажетті ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп, құлшылық етушілерге жайлы әрі таза орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Ислам дінінде тазалық – иманның ажырамас бөлігі. Сондықтан Алла үйінің тазалығын сақтау – әрбір мұсылман үшін сауапты іс. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады. Алланың үйлеріне құрметтері көбейіп, мұсылмандардың ниетін түзеп, Жаратушыға махаббаттарын артырғайсың Аллаһым!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



15 Шілде 2026
29 Мухаррам 1448

