Қордай: Сортөбе аймағы имамдарына Құраннан семинар өтті

Қордай: Сортөбе аймағы имамдарына Құраннан семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы «Имамдар үйінде» Сортөбе аймағының имамдарына арналған Құраннан білім жетілдіру семинары өтті. Семинарды аталған аймаққа жауапты ұстаз Жанұзақ Әнебеков жүргізді. Семинар барысында Құран Кәрімді дұрыс оқу қағидалары, тәжуид ережелерін сақтау, әріптердің махраждары мен сипаттарын дұрыс қолдану мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Сондай-ақ имамдардың қырағатын жетілдіру, жіберілетін қателіктерді түзету және Құранды көркем оқу мәдениетін қалыптастыру бағытында тәжірибелік сабақтар өткізілді. Жанұзақ Әнебеков Құранға қызмет ету – үлкен аманат екенін айтып, дін қызметкерлерінің білімін үнемі жетілдіріп, діни рәсімдерде Құранды талапқа сай оқуына ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

Семинар соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, туындаған сұрақтарын талқылады. Мұндай білім жетілдіру жиындарының имамдардың кәсіби біліктілігін арттыруға және жамағатқа көрсетілетін діни қызметтің сапасын жақсартуға ықпал ететіні айтылды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: