Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Қордай ауданы, Бұлар батыр ауылындағы «Бұлар батыр» мешітінде жамағатпен кездесу өткізді. Кездесу барысында бас имам жамағатқа бірлік пен ынтымақтың маңызы, мешіттің қоғамдағы рөлі және діни құндылықтарды берік ұстанудың мәні жөнінде насихат айтты.
Сондай-ақ халықты ізгілікке, татулыққа, өзара құрмет пен бауырмалдыққа үндеп, қоғамдағы тұрақтылық пен ауызбіршілікті сақтау – әрбір мұсылманның ортақ міндеті екенін жеткізді. Сонымен қатар мешіттің тек құлшылық орны ғана емес, рухани тәрбие мен ізгілікке бастайтын қасиетті орда екеніне тоқталып, жастар тәрбиесі, отбасы құндылықтарын нығайту, діни сауаттылықты арттыру және дәстүрлі Ислам құндылықтарын насихаттау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Кездесу барысында жамағат өздерін толғандырған діни мәселелер бойынша сауалдарын қойып, шариғат аясында тұшымды жауаптар алды.
Бас имам жамағатты мешітпен тығыз байланыста болып, игі бастамалар мен қайырымдылық шараларына белсенді атсалысуға шақырды. Жиын соңында еліміздің тыныштығы, халқымыздың амандығы, жұртымыздың бірлігі мен берекесі үшін дұға жасалып, жамағат бас имамға ризашылықтарын білдірді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


15 Шілде 2026
29 Мухаррам 1448

