Қордай: «Ал Қадим» мешітіне жаңа имам тағайындалды

Қордай: «Ал Қадим» мешітіне жаңа имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Ауқатты ауылындағы «Ал Қадим» мешітіне жаңа имам болып Махуаюн Изхар тағайындалды. Тағайындау рәсіміне Қордай ауданы,  Өтеген ауылы «Өтеген» мешіті ұстазы Атамбаев Нұрсұлтан қатысып, жамағатқа жаңа имамды таныстырды.

Имамдық қызметтің үлкен жауапкершілік екенін атап өтіп, жаңа имамға жамағатпен етене жұмыс істеп, діни-ағартушылық бағыттағы қызметті жандандыру, елдің бірлігі мен ынтымағын нығайту жолында аянбай еңбек етуге шақырды.

Махуаюн Изхар бұған дейін Ауқатты ауылындағы «Омар Фарух» мешітінде наиб имам қызметін атқарып, енді «Ал Қадим» мешітінің имамы ретінде қызметін жалғастырады. Жамағат жаңа имамға ақ тілектерін білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Кездесу соңында еліміздің тыныштығы, халқымыздың амандығы мен берекесі үшін дұға жасалды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: