Қордай: «Бұлар батыр» мешітінде «Иман» тақырыбында пәтуа сағаты өтті

Қордай: «Бұлар батыр» мешітінде «Иман» тақырыбында пәтуа сағаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Бұлар батыр ауылының «Бұлар батыр» мешітінде Қордай ауданының Шығыс аймағына жауапты ұстаз Нұрсұлтан Атанбаевтың жүргізуімен «Иман» тақырыбында пәтуа сағаты ұйымдастырылды.

Пәтуа сағатында иманның мәні мен маңызы, оның мұсылман өміріндегі орны және иманның шарттары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ Алла Тағалаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне және тағдырға иман келтірудің маңызы Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистері негізінде баяндалды. Ұстаз жамағатқа иманды тек сөзбен емес, ізгі амалдармен нығайту қажеттігін, көркем мінез, адалдық, сабыр және тақуалықтың иманның кемелденуіне ықпал ететінін атап өтті.

Сонымен қатар, күнделікті құлшылықты тұрақты орындап, діни білімді сенімді дереккөздерден алудың маңыздылығына тоқталды. Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, елдің амандығы, жұрттың бірлігі мен берекесі үшін дұға жасалды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: