Қордай ауданы, Бұлар батыр ауылындағы «Бұлар батыр» мешітінде жұма намазы аясында «Неке – салауатты өмір шарты» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.
Уағыз барысында аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Әнебеков Жанұзақ Ислам дініндегі некенің қасиеті мен жауапкершілігіне тоқталып, отбасының қоғамдағы орны, ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығы, бала тәрбиесі және отбасы құндылықтарын сақтау жайында кеңінен насихат айтты. Сондай-ақ жастарды адал некеге ұмтылуға, отбасы татулығын нығайтуға, ата-анаға құрмет көрсетіп, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Неке – тек екі жастың ғана емес, тұтас қоғамның берекесі мен тұрақтылығының негізі екені Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистері арқылы түсіндірілді. Жамағат жұма уағызынан рухани тағылым алып, жұма намазын бірге орындады. Намаз соңында еліміздің амандығы, халқымыздың бірлігі мен әрбір отбасының берекесі үшін дұға жасалды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



15 Шілде 2026
29 Мухаррам 1448

