Қордай: «Мұсылмандар» мешітінде шәкірттерге насихат айтылды

Қордай: «Мұсылмандар» мешітінде шәкірттерге насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Масаншы ауылындағы «Мұсылмандар» мешітінде діни сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттерге тағылымды насихат ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – жас шәкірттердің діни білімге деген қызығушылығын арттыру, Құран Кәрімге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және ізгі адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.

Насихатқа Қордай ауылы «Қордай ауылдық» мешітінің азаншысы Бекзат Жұмабайұлы қатысып, шәкірттерге Құран Кәрімді үйренудің артықшылықтары, оны оқып-үйренудің сауабы, қасиетті кітаптың мұсылман өміріндегі орны мен маңызы туралы тағылымды әңгіме өрбітті. Сондай-ақ Құранды тәжуид қағидаларына сай дұрыс оқудың, ұстазға құрмет көрсетудің және білім алудағы ықылас пен сабырдың маңыздылығына тоқталды. Кездесу барысында балаларды уақытты тиімді пайдаланып, ата-ананы құрметтеуге, жақсы мінез-құлық қалыптастыруға, үлкендерді сыйлап, кішіге қамқор болуға үндеді. Сонымен қатар шәкірттерге діни білімнің адам өміріндегі орны, көркем әдептің артықшылығы және алған білімді күнделікті өмірде амалға асырудың қажеттілігі кеңінен түсіндірілді.

Насихат соңында шәкірттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Еркін форматта өткен жүздесу балалардың діни танымын кеңейтіп, Құран іліміне деген ынта-жігерін арттыра түсті. Осындай тағылымды кездесулер жас буынның рухани тәрбиесін нығайтып, олардың имандылыққа, білімге және ізгілікке деген құштарлығын арттыруға үлкен септігін тигізеді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: