Қордай: «Бұлар батыр» мешітіне жаңа имам тағайындалды

Қордай: «Бұлар батыр» мешітіне жаңа имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Бұлар батыр ауылындағы «Бұлар батыр» мешітіне жаңа имам болып Шавкат Юсупов тағайындалды. Бұл тағайындау аудан мешіттеріндегі діни қызметтің сабақтастығын сақтап, жамағатқа көрсетілетін рухани қызметтің сапасын одан әрі арттыру мақсатында жүзеге асырылды.

Шавкат Юсупов бұған дейін Ауқатты ауылындағы «Ал Қадим» мешітінде имамдық қызмет атқарып, жамағат арасында діни-ағарту жұмыстарын жүргізіп, насихат айтып, түрлі қайырымдылық және рухани іс-шаралардың ұйымдастырылуына белсене атсалысты.

Қызметтік ауысуға байланысты енді ол Бұлар батыр ауылындағы «Бұлар батыр» мешітінде имамдық міндетін жалғастыратын болады. Жаңа имамды жамағатқа таныстыру барысында мешіттің рухани қызметін жандандыру, жастардың діни сауатын арттыру, балаларға діни білім беру, отбасы құндылықтарын дәріптеу, бірлік пен татулықты нығайту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ мешіттің халықпен тығыз байланыста болып, ауыл тұрғындарының рухани сұранысына жауап беретін орталық ретінде қызмет етуі қажеттігі атап өтілді.

Жамағат жаңа имамға ақ тілектерін арнап, жауапты қызметіне Алла Тағаладан береке мен табыс тіледі. Сонымен қатар алдағы уақытта ауыл тұрғындарының діни сауатын арттыруға, жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, ел бірлігі мен ынтымағын нығайту жолында жемісті еңбек етеді деген сенім білдірді. Алла Тағала жаңа қызметіне береке беріп, ел игілігі жолындағы еңбегіне мол сауап пен табыс нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: