Қордай: Масаншы ауылында имамдарға Құран-тәжуидтен семинар өтті

Қордай: Масаншы ауылында имамдарға Құран-тәжуидтен семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Масаншы ауылында имамдарға арналған Құран-тәжуид бойынша кезекті семинар ұйымдастырылды. Семинардың негізгі мақсаты – аудан имамдарының Құран Кәрімді тәжуид қағидаларына сай дұрыс әрі көркем оқу дағдыларын жетілдіру, діни білімдерін тереңдету және өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.

Семинарды аудандық «Қордай» мешітінің азаншысы, Бекзат Жұмабайұлы жүргізді. Оқу барысында жіберілген қателіктерге талдау жасалып, оларды түзету жолдары көрсетілді. Сонымен қатар ұстаз тарапынан Құранды әсерлі әрі көркем оқу әдебі, тыныс белгілерін сақтау, дауыс ырғағын дұрыс қолдану және жамағат алдында Құран оқу мәдениетіне қатысты әдістемелік кеңестер берілді. Семинар барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

Имамдар күнделікті қызмет барысында кездесетін мәселелерді ортаға салып, Құран үйретудің тиімді тәсілдері жөнінде ой бөлісті. Мұндай білім алмасу жиындарының діни қызмет сапасын арттырудағы маңызы ерекше екені атап өтілді. Аталған семинар дін қызметкерлерінің Құран оқу шеберлігін жетілдіруге, тәжуид қағидаларын толық меңгеруге, кәсіби біліктілігін арттыруға және аудан мешіттеріндегі діни-ағарту жұмыстарының сапасын нығайтуға бағытталды.

Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай пайдалы семинарлардың тұрақты түрде өткізіліп тұруы имамдардың білімін шыңдап, Құранға қызмет ету жолындағы жауапкершілігін арттыра түсетінін жеткізді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: