Жуалы: «Нәпсі тәрбиесі» тақырыбында уағыз-насихат айтылды

Жуалы: «Нәпсі тәрбиесі» тақырыбында уағыз-насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданының Көлбастау ауылындағы Құлый баба мешітінде «Нәпсі тәрбиесі» тақырыбында уағыз-насихат өткізілді.

Мешіт молдасы Бақытжан жамағатқа нәпсіні тәрбиелеудің мән-маңызы жөнінде тағылымды насихат айтты. Уағыз барысында нәпсі тәрбиесі – адамның жаман қалаулардан тазаруы, жүректі ізгі амалдарға бағыттауы және шариғат талаптарын орындау арқылы жүзеге асатын рухани үдеріс екені түсіндірілді. Сонымен қатар Құран аяттарының мән-мағынасы талданып, мұсылман қауымы имандылыққа, ізгілікке және Алланың тура жолын ұстануға шақырылды.

Жамағат айтылған насихаттан рухани әсер алып, имани құндылықтардың маңыздылығына назар аударды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: