Жуалы ауданының Қошқарата ауылдық округіндегі «Дәурен» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Шара аясында ауыл имамы Нұрмахан Кемерханұлы ауылдағы мұқтаж отбасының шаңырағына арнайы барып, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысып, хал-жағдайын сұрады. Жамағаттың қолдауымен аталған отбасыға бір қой табысталып, қайырымдылық көмегі көрсетілді.
Осы игі іске қолдау білдірген барша жамағатқа ризашылығын білдірген имам сауапты іске үлес қосқан азаматтарға алғыс айтып, Алла Тағаладан береке мен мол сауап тіледі.
Мұндай қайырымдылық шаралары қоғамдағы өзара жанашырлық пен бауырмалдықты нығайтып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің жарқын үлгісі болып табылады.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


10 Шілде 2026
24 Мухаррам 1448

