Жуалы: Аудан мешіттерінде тағылымды насихат өтті

Жуалы: Аудан мешіттерінде тағылымды насихат өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданына қарасты Кәріқорған ауылдық округіндегі «Тасбастау» мешітінде және Қарабастау бесін намазының алдында жамағатқа рухани-танымдық насихат айтылды.

Аталған жиын барысында мешіт молдасы Әуезхан Мамышұлы Қасиетті Құран Кәрімнің «Ибраһим» сүресінің 14-аятын негізге ала отырып, уағыз-насихат жүргізді. Діни қызметкер өз сөзінде имандылық, шүкіршілік, сабыр және Алла Тағалаға тәуекел ету сияқты мұсылман адамға тән асыл қасиеттердің маңыздылығын атап өтті.

Шара барысында жамағатқа рухани тәрбие мен діни білімді арттыруға бағытталған тағылымды ойлар айтылып, ислам құндылықтарын өмірде дұрыс қолдану мәселелері түсіндірілді.

Жиын соңында қатысушылар мұндай насихаттық кездесулердің қоғамдағы рухани тұрақтылық пен ізгілік құндылықтарын нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: