Жуалы: «Малдыбай» мешітінде дәретхана кешенінің құрылысы басталды

Жуалы: «Малдыбай» мешітінде дәретхана кешенінің құрылысы басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданының Қоңыртөбе ауылындағы «Малдыбай» мешітінің аумағында дәретхана мен санитарлық торап кешенінің құрылысы басталды.

Аталған жоба мешіт жамағаты мен келушілерге санитарлық талаптарға сай қолайлы жағдай жасап, намаз алдында дәрет алу рәсімін жеңілдетуге бағытталған.

Осы игі бастамаға байланысты мешіт имамы Ғабит Кәдірәліұлы құрылыс жұмыстарына қолдау көрсеткен ауыл тұрғындары мен демеушілерге шынайы ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Бұл игі іс ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен сауапты іске деген жанашырлығының жарқын көрінісі болып табылады.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: