Жуалы ауданының Көлбастау ауылындағы Құлый баба мешітінде жұма намазынан кейін 1969 жылғы мектеп түлектері дастархан жайып, Құран бағыштатты.
Дастархан басында мешітінің молдасы Бақытжан Айбатбекұлы жамағатқа «Дін мен дәстүр» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтып, ұлттық салт-дәстүр мен ислам құндылықтарының өзара сабақтастығына тоқталды. Сондай-ақ, ата-баба мұрасын дәріптеу, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, бірлік пен татулықты сақтау – халқымыздың дәстүрлі құндылықтары әрі ислам дінінің негізгі ұстанымдарының бірі екенін атап өтті.
Жиын соңында жамағат марқұмдарға бағышталған Құран дұғасына қатысып, дастархан иелеріне алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


10 Шілде 2026
24 Мухаррам 1448

