Жуалы: «Жүрек дерттері» тақырыбында уағыз-насихат өткізілді

Жуалы: «Жүрек дерттері» тақырыбында уағыз-насихат өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданының Көлбастау ауылындағы Құлый баба мешітінде жамағатқа арналған «Жүрек дерттері» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат ұйымдастырылды.

Уағыз барысында мешіт молдасы Бақытжан Айбатбекұлы жамағатқа исламдағы жүрек тазалығының маңызы, рухани кеселдердің адам өміріне тигізетін әсері және олардан арылудың жолдары туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, жүректі иманмен, тақуалықпен және көркем мінез-құлықпен тәрбиелеудің маңыздылығы айтылып, рухани тазарудың адам өміріндегі орны жан-жақты насихатталды.

Кездесу соңында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Осындай рухани кездесулер тұрғындардың діни сауатын арттыруға, дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеуге және қоғамдағы рухани бірлікті нығайтуға оң ықпал етеді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: