Жуалы ауданының Нұрлыкент ауылдық мешітінде 1988 жылғы мектеп түлектері өмірден өткен ұстаздарын еске алып, құран бағыштатып, құдайы ас берді.
Игі шара барысында мешіт имамы Қанатбай Ережепбайұлы жамағатқа «Отбасы құндылықтары» тақырыбында тағылымды уағыз айтты. Уағызда отбасының қоғамдағы орны, ата-анаға құрмет, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүр мен ислам құндылықтарының сабақтастығы кеңінен насихатталды.
Жиын соңында марқұм ұстаздардың рухына құран бағышталып, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


10 Шілде 2026
24 Мухаррам 1448

