«Хати Сауранбайұлы» мешітінің имамы Бақыт Тілемісов ауылдық медициналық пунктте ақ халатты абзал жандармен дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу барысында жат діни ағымдардың алдын алу, олардың қоғамға тигізер зияны жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Ислам дініндегі адал қоғам құндылықтары, бірлік, жауапкершілік, адамгершілік және ел тыныштығын сақтау мәселелері насихатталды.
Жиынға қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



10 Шілде 2026
24 Мухаррам 1448

