Шу ауданы Ақтөбе ауылында әйел-қыздар қауымымен рухани кездесу өтті.
Кездесу барысында ұстаз Сәуле Нұрсұлтанқызы «Намаз – әрбір мүмінге парыз» тақырыбында насихат айтып, намаздың мұсылман өміріндегі маңызы, оның адамды ізгілікке, сабырлыққа және тақуалыққа тәрбиелейтіні жөнінде кеңінен баяндады.
Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы жауаптар алды. Кездесу рухани тағылымға толы өтіп, жамағатқа үлкен әсер қалдырды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



02 Шілде 2026
16 Мухаррам 1448

