#Шу: Жамбыл облысы МКҚБ ММ Шу ауданы взводында кездесу өтті

#Шу: Жамбыл облысы МКҚБ ММ Шу ауданы взводында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы МКҚБ ММ Шу ауданы взводында «Адал еңбек ету – Алла жолында жүру» тақырыбында рухани кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны «Жәми» мешітінің ұстазы Ерғазы Ақпанов жүргізді.

Жиын барысында адал еңбектің маңызы, адамның қоғам алдындағы жауапкершілігі және адал табыстың берекесі жайында насихат айтылды. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда өзекті болып отырған құмар ойындардың зияны, оның адам өміріне, отбасы мен қоғамға тигізер кері әсері кеңінен түсіндірілді.

Шарада теріс діни ағымдардың белгілері мен одан сақтанудың жолдары да сөз болып, дұрыс бағыт ұстануға шақырды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: