Мойынқұм ауданына қарасты Мыңарал ауыл тұрғындарына «Исламдағы бала тәрбиесі» тақырыбында тағылымды насихат жүргізілді. «Шалғынбайұлы Бейсенбай» мешітінің имамы Нұрдос Нұрғазыұлы бала тәрбиесінің қоғам мен отбасы үшін маңыздылығына тоқталып, ата-ананың перзент алдындағы жауапкершілігі жайында кеңінен баяндады.
Уағыз барысында балаларға дұрыс тәрбие беру, көркем мінез қалыптастыру, діни және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру әрбір ата-ананың басты міндеті екендігі айтылды. Жамағат насихаттан рухани әсер алып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



01 Қараша 2026
20 Джумада-авваль 1448

