Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің жамағатымен өткен кездесуде дәстүр және отбасы бөлімінің жетекшісі Бақытбек Бауыржанұлы ұлттық-рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында тағылымды насихат айтты. Кездесу барысында халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен өнегелі тәрбиесінің қоғамдағы орны кеңінен түсіндірілді.
Насихатта ұлттық құндылықтарды сақтау мен кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы айтылып, дәстүрлі дін мен ата-баба мұрасының өзара сабақтастығына ерекше тоқталды. Сондай-ақ отансүйгіштік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, отбасы құндылықтарын дәріптеу және бірлік пен татулықты нығайту мәселелері қозғалды.
Кездесу соңында жамағатқа ұлттық рухани мұраны қадірлеу, оны күнделікті өмірде насихаттау және жастарға үлгі болу қажеттігі жөнінде ойлар айтылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.


26 Маусым 2026
10 Мухаррам 1448

