БАЙЗАҚ: АУДАНДЫҚ МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА ФӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

БАЙЗАҚ: АУДАНДЫҚ МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА ФӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде жамағатқа арналған кезекті фәтуа сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында фәтуа бөліміне жауапты Бақытбек Бауыржанұлына қатысушылар күнделікті өмірде жиі кездесетін діни мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, шариғат талаптарына сай жауаптар алды.

Фәтуа сағатында құлшылыққа қатысты үкімдер, отбасылық мәселелер, адал кәсіп, садақа және қоғамдағы мұсылманның жауапкершілігі секілді тақырыптар кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуалары мен дәстүрлі Ислам құндылықтарын ұстанудың маңызы насихатталды.

Кездесу соңында жамағат көкейдегі сұрақтарына жауап алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Осындай рухани кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: