#Шу: Бас имамдарға Құран және тәжуид дәрісі өтті

#Шу: Бас имамдарға Құран және тәжуид дәрісі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданында Төле би мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының жүргізуімен ауданның бас имамдарына арналған Құран және тәжуид ережелері бойынша дәріс өтті. Дәріс барысында қасиетті Құранды дұрыс оқу қағидалары, тәжуид ережелері және ауыл тұрғындарына жеткізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – имамдардың Құран оқу деңгейін арттырып, діни қызмет сапасын жетілдіру. Дәріс барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, Құран ілімін терең меңгерудің маңыздылығына тоқталды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: