БАЙЗАҚТЫҚ ЕКІ ИМАМҒА ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

БАЙЗАҚТЫҚ ЕКІ ИМАМҒА ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Һибатулла Тарази медресе-колледжін тәмамдаған екі дін қызметкері оқу бағдарламасын сәтті аяқтады. Байзақ ауданы Тегістік ауылы «Тегістік» мешітінің имамы Бақытбек Бауыржанұлы және Қосақ ауылы «Қосақ» мешітінің имамы Мұхит Ермаханұлы мемлекеттік үлгідегі дипломға ие болды.

Білім алу барысында түлектер исламтану, діни-ағартушылық қызмет, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі дін негіздері бойынша жан-жақты білім алып, тәжірибелік машықтарын жетілдірді.

Бұл жетістік – олардың білімге деген құштарлығы мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Медресе-колледж қабырғасында алған білімдері алдағы уақытта діни қызмет саласында халыққа сапалы қызмет көрсетуге, рухани-ағартушылық жұмыстарды жүргізуге және қоғамның діни сауаттылығын арттыруға өз үлесін қосатынына сенім мол.

Әріптестерімізді алған дипломдарымен құттықтап, алдағы қызметтеріне береке мен табыс тілейміз.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: